Адамзаттық капитал

ШҚО-да Достық үйінде медиация орталығы ашылды (ФОТО)

ШҚО-да Достық үйінде медиация орталығы ашылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 25 Ақпан, 16:07

Шығыс Қазақстан облысында республикада тұңғыш рет, облыстық сот пен облыс әкімдігінің бастамасымен Судьялар Одағы ШҚО филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, құқық қорғау органдары, әділет органы, білім және денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ «Шаңырақ» медиация орталығы арасында мәмілелік рәсімдер саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатта тараптар медиация институтын одан әрі дамытудың пәрменді шараларын қолға алу қажеттігін атап көрсетті. Облыстық Достық үйінде қол қойылған құжатты орындау ауқымында республикадағы алғашқы «Медиация жөніндегі оқу орталығы» және «Медиация кабинеті» ашылды.  

Медиаторлардың тиімді жұмысына арналған медиация кабинеті кажетті жиһазбен және техникамен қамтамасыз етілген. Медиацияның реттеу нысанасы және оның қолданылу саласы; медиацияны жүргізу қағидаттары, медиаторлар тізімі мен кезекшілік кестесі сияқты т.б. ақпараттармен қамтылған азаматтарға арналған арнайы стенд орналастырылды.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Асқар Нұрғазиев салтанатта бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы негізгі татуластыру функциясын нақты атқаратын орган ретінде Қазақстандағы қоғамдық және ұлысаралық қатынастар саласында басты модератор болып отырғанын атап көрсетті және жасалған меморандум негізінде ағымдағы жылғы сәуірдің соңына дейін тағы 14 облыстық Достық үйлерінде осындай орталықтар ашылатынына сендірді. 

 





Яндекс.Метрика