Ұлттың денсаулығы

Е.Біртанов: 2019 жылға таман медициналық қызметкерлердің біліміне баға беру мемлекет бақылауынан шығарылады

2019 жылға таман медициналық қызметкерлердің біліміне баға беру мемлекет бақылауынан шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «ҚР денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру» атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Астана қаласы25 Ақпан , 13:42

«Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйым басшылары үшін жаңа біліктілік және функционалдық талаптарын енгізу, халықтың сұранысына қарай кадрлық ресурстарды жоспарлау жүйесін жетілдіру, кәсіби қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардардың өкілдерін шақыру арқылы медициналық қызметкерлердің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау арқылы адами ресурстарды стратегиялық басқару жүзеге асырылады», - деді ол.

«Медициналық және мейіргерлік білім беруді дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдарды біріктіру негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік емханаларды) дамыту тұжырымдамасы жасалды. Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, басшыларды (менеджерлерді), ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады», - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай реформалау халықтың толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге деген икемді сұранысына сай инфрақұрылымды құруға негізделетін болады. Оның ішінде медициналық ұйымдарды қосу мен тік және көлденең біріктіру арқылы денсаулық сақтау саласының мемлекеттік инфрақұрылымын оңтайландыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, облыстық және республикалық ұйымдарды, ЖОО мен ғылыми орталықтарды кезең кезеңімен «Назарбаев Университеті» ДББҰ тәжірибесі негізінде денсаулық сақтау саласының автономдық ұйымына трансформациялау мүмкіндігі қарастырылады.

ЭЫДҰ стандарттарының негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымдары стандарттарының жаңа жүйесін, сонымен қатар, денсаулық сақтау нысандарының қоршаған ортаға зиянсыздығын, ресурстарын сақтау, энерготиімділігі саласындағы стандарттарды әзірлеп, енгізу жоспарланып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика