EXPO-2017

Ч.Хендри: Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушысы болғанына қуанамыз

Эксклюзив
Британдық павильондар Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017-ге «жасыл» технологиялар саласындағы ең көрнекті инновацияларын ұсынады. Бұл жөнінде Ұлыбритания павильонының комиссары Чарльз Хендри Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 25 Ақпан, 14:47

«Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушысы болғанына қуаныштымыз. Біз қазір өзіміздің кәсіпкерлерімізбен келіссөздер жүргізудеміз және көрмеде «Shell» сынды ірі компаниялар қатысады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында қазақстандық ЖОО-болашақ энергетика саласындағы өз тәжірибесімен бөлісуге үлкен мүмкіндік береді»,-деді комиссар.

Сонынмен қатар, Ч. Хендри Ұлыбритания Қазақстанда үздік павильондардың бірін таныстырды деп айтып өтті.  

«Біздің жоба «жасыл» технологиялар саласындағы ең көрнекті инновацияларын  ұсынады және ол технологияға сұранысты азайтуға көмектеседі. Оның нәтижесінде қоршаған ортадан  зиянды шығарындылар көп болады»,-деді ол.

Комиссардың айтуынша, британдық павильон ерекше айқындалатын болады.

«Қазіргі кезде осы кезеңде қандай мәселені ұсынатынымыз белгісіз. Дегенмен, британдық компания Милан мен Шанхайда болған павильондардан да жақсы павильон құруды бағыттауда»,-деді Ч. Хендри.

Индира Қауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика