Ұлттың денсаулығы

ҚР-да «Денсаулық» бағдарлмасы аясында Ұлттық дерек қорын әзірленеді

Қазақстанда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарлмасы аясында Ұлттық дерек қорын әзірленеді, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Астана қаласы25 Ақпан , 13:15

«2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына қол қойғанын еске салды», - деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ, «Денсаулық» Мембағдарламасы аясында медициналық техника, МЖӘ сервистік келісімшарттарын жүзеге асыру, жеке лизингті дамыту Ұлттық дерекқорын жасау қарастырылады.

«Бірегей біріктірілген ақпараттық ортаны құру аясында ақпараттық жүйелер мен денсаулық сақтау саласының ресурстары біріктірілетін болады, госпитальдық ақпараттық жүйе енгізіліп, пациенттің электрондық денсаулық паспорты мен жеке кабинеті арқылы өз денсаулықтары туралы ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етіледі, сонымен бірге, МЖС негізінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен смарт-медицинаның тиімді қызмет етуі үшін IТ-құралдар енгізілмек», - деді ол.

Госпитальдық ақпараттық құралдарға медициналық ұйымдардағы барлық процестерді автоматтандыру, медициналық ақпаратты қағазсыз технология арқылы жүргізуді енгізу кіреді.

Сонымен қатар, пациенттердің дәрігерлерге қаралу үшін өздігінен онлайн-жазылу шаралары, онлайн уақыт тәртібінде жеке стационарлық компьютерлер мен смартфондарды қолдану арқылы оларға кеңес беру мен бақылау сатылай енгізілетін болады.

2019 жылға қарай халықты электрондық денсаулық паспортымен және электрондық госпитализациямен қамтамасыз ету 50%-ға, бірегей желіге қосылған медициналық ұйымдар үлесі 80%-ға жететін болады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика