Басқару

Сайлау күні қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізіледі

20 наурызда елімізде Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді. Осы күні «Қоғамдық пікір» зерттеу институты қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте институттың атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова айтты.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:56

«Біздің елде үлкен саяси науқан жүріп жатыр. Соның нәтижесінде 20 наурыз күні Мәжіліс және мәслихаттарға депутаттар сайланады. Осы күні "Қоғамдық пікір" зерттеу институты өзінің зерттеуін өткізіп, сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылар арасында сауалнама жүргізеді. Бұл жалпы стандартты әдіс. Сайлау учаскесінен дауыс беріп шыққан әрбір бесінші сайлаушы сауалнамаға қатысады», - деп хабарлады А.Сәдуақасова.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық өңірлері, Астана, Алматы қалаларының сайлаушылары қамтылады. Жалпы, республика бойынша 110 сайлау учаскесін қамту жоспарланған.

«Олардың ішінде облыс орталықтарында, Астана, Алматы қаладарында 56 сайлау учаскесі, шағын қалаларда 28 және ауылдық округтерде 26 сайлау учаскесі іріктелініп алынады. Жалпы, сауалнама қорытындысы күннің соңында және заңмен бекітілген ережелерге сәйкес беріледі. Зерттеуге 200-ге жуық интервьюер қатысады», - деп атап өтті ол.

Сауалнама нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарына 21 наурыз күні сағат 00.00-де жеткізіледі. 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика