Парламент

ҚР Ұлттық қорынан апаттық жағдайдағы және үшауысымды мектептерді жою үшін 2016 жылы 45,2 млрд теңге бөлінеді

ҚР Ұлттық қорынан апаттық жағдайдағы және үшауысымды мектептерді жою үшін 2016 жылы 45,2 млрд теңге бөлінеді, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Сенатында республикалық бюджетке енген өзгертулерді таныстыру барысында.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:52

«Бюджет шығыстары ішінде білім және ғылым саласына 55 млрд теңгеге ұлғайтылып, 454 млрд теңге сомасында қаражат көзделеді. Соның ішінде 28 млрд теңге Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен оқудың үш ауысымдылығын және апаттылықты жою үшін жұмсалады. Осыған орай, биыл елімізде 42 жаңа мектеп салуға бюджеттен қосымша шығыстар көзделеді. Нақтыланған бюджет жобасында келесі 2017 жылы апатты мектептер мен үш ауысымдылықты жоюға қатысты 76 мектептің құрылысын аяқтауға 45 млрд. теңге көзделеді», - деді Б.Сұлтанов.

Ведомство басшысының айтуынша, 18,9 млрд теңге  Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады.

«Оның ішінде 14,8 млрд теңге бағдарламалық және гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеу жүргізуге бағытталады; 8,5 млрд теңге «Болашақ» бағдарламасы бойынша курстық айырмашылықты төлеуге және шетелде білім алып жатқан оқытушылар мен ғылымдар оқуына оның ішінде Назарбаев Университетінде оқитындар да енеді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика