Парламент

Б.Сұлтанов: 2016 жылы әлеуметтік сала шығыны 124,5 млрд. теңгеге артады

Қазақстанда 2016 жылы әлеуметтік сала шығыны қосымша арттырылған 124,5 млрд. теңгені қосқанда 2 998 млрд. теңгені құрайтын болады, деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Сенатында өткен 2016 жылдың республикалық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы Заң жобасының тұсау кесерінде.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:36

«Қазақстанда 2016 жылы әлеуметтік сала шығыны қосымша арттырылған 124,5 млрд. теңгені қосқанда 2 998 млрд. теңгені құрайтын болады. 5,8 млрд. теңге электронды денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды іске асыруға; 55,7 млрд. теңге – медициналық көмек көрсету тарифтерінің өскеніне байланысты дәрі препараттары мен медициналық бұйымдардың құнын толықтыруға бағытталады. Осы арқылы халықты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге м.мкіндік туады. 63 млрд. теңге «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламысын жүзеге асыруға қарастырылған»,-деді Б.Сұлтанов.

Министрдің мәліметі бойынша, бұл қарастырылған қаржылар инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен жұмыспен қамтуға, шағын несие беруге, еңбек жастарына жатахана салуға, жұмыс орынын сақтау үшін жұмыс берушілерге субсидия есебінде қаржы беруге жұмсалады.

Жалпы инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру үшін 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Жұмыспен қамту шаралары бойынша 60 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Анар Таныркулова




Дерекнама

Яндекс.Метрика