«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2016 жылы Ұлттық қордан 807, 5 млрд теңге көлемінде трансфер бөлінеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруды жалғастыру үшін Ұлттық Қордан берілетін нысаналы трансферт 240 млрд теңгеге ұлғайып, 807,5 млрд. теңге мөлшерінде айқындалады, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Сенатта 2016 жылға арналған республикалық бюджетке енген өзгертулерді таныстыру барысында.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:26

«Заң жобасы негізгі екі мәселені қарастырады: бюджеттің тұрақтандырылуын қамтамасыз ету, Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енген өзгертулер кезінде бұзылу, Елбасының  10 ақпанда Үкімет отырысында айтылған тапсырмасына сәйкес экономиканың негізгі мақсаттарын жүзеге асыру барысындағы дағдарысқа қарсы шаралар», - деді Б.Сұлтанов.

Министр атап өткендей, республикалық бюджеттің 2016 жылғы түсімі 7364,1 млрд теңге көлемінде бекітілді.

«Бюджеттің негізгі параметрлеріне сәйкес, түсімдері 7 трлн 364 млрд теңгеге немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 424,9 млрд теңгеге ұлғайтылып отыр. Республикалық бюджеттік кірістері болжам бойынша 2016 жылы 3 трлн 365,3 млрд. теңге. Бұл негізінен мұнайға арналған кедендік баж ставкасын 40 доллардан 20 долларға дейін төмендеуінен қалыптасып отыр және жалпы алғанда осы мәселе кірісті 206 млрд теңгеге төмендетеді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыруды жалғастыру үшін Ұлттық Қордан берілетін нысаналы трансферт 240 млрд теңгеге ұлғайып, 807,5 млрд. теңге мөлшерінде айқындалады», - Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыны 8266,8 млрд теңгені  құрады, ол  бекітілген  бюджетпен 600,2 млрд теңгеге айырмашылығы бар.

«Ұлттық қордан бөлінген толық трансфер 240 млрд теңгені құраса, қосымша көзі  360 млрд теңгені құрады», - деді ол. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика