Басқару

«Самұрық-Қазына» қызметкерлер санын 15 пайызға дейін азайтады

«Самұрық-Қазына» қызметкерлер санын 15 пайызға дейін азайтады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Адам ресурстарын басқаруы жөніндегі директоры Ұлан Тәжібаев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Ақпан , 11:19

«Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16 адамнан тоғызға дейін қысқарттық. Сондай-ақ қызметкерлер санын 15 пайызға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты соңғы екі жылда қор штаты 65 пайызға жаңарды. Жақын арада тағы да 22 пайызға жаңарту жоспарда бар. Жаңарған қордың қызметкерлері халықаралық тәжірибе мен стандаттарды игерген жоғары білікті мамандар болуы тиіс. Сонымен қоса елдің алдында тұрған халықаралық ауқымдағы күрделі міндеттерді орындауға білігі мен құлшынысы болуы», - дейді Ұ. Тәжібаев.

Басқарушы директордың айтуынша, қордағы басшылық қызметке үміткерлерді іріктеу үш бағыт бойынша жүргізіледі екен.

«Компаниялар тобының өз ішінен, Қазақстан нарығынан және шетелден талантты, білікті қызметкерлерді іздеп табу басты мақсатымыз. Шетелдік мамандарды жұмысқа тартудағы мақсат олардың қазақстандық әріптестерімен тәжірибесін, білімін бөлісу болып табылады. Отандық мамандарды жұмысқа тарту кезінде қор шетелдік оқу орындары түлектерін біріктіретін «Болашақ» ассоциациясымен және «Қазальянс» ұйымымен тікелей байланыс орнатып отыр», - дейді ол. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика