Парламент

Е.Досаев: 2016 жылы мұнай мен металға ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрайды

2016 жылы мұнай мен металға ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрайды, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Сенатында өткен 2016 жылға арналған республикалық бюджетке енген өзгертулерді таныстыру барысында.
Астана қаласы25 Ақпан , 10:48

«Осы жылдың басынан бастап мұнай бағасы соңғы 12 жылда лезде құлдырады  - барреліне 28 доллардан төмендеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, ОПЕК пен Ресей елдерінде  өнім көлемі есебінде мұнай бағасы ұзаққа дейін сақталады. Бүгінде АҚШ экономикасында болып жатқан жиі өзгерістерге де байланысты тұрақсыздық байқалып отыр.

«Үкімет түзеткен макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес, АҚШ долларының есеп айырысу бағамы 300 теңгеден 360 теңгеге ауыстырылады.Әлемдік нарықтағы ағымдағы үдеріс бойынша 2016 жылы әлемдік мұнай бағасы барреліне 30 долларға, ал металл бағасы былтырғы жылға қарағанда 15 пайыз төмен деңгейде болжанады. Мұнай мен металға жаңартылған сценарий бойынша, сонымен қатар, экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша дағдарысқа қарсы жедел алдын ала шараларына орай 2016 жылы ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрамақ», - деді Е. Досаев.

Ведомство басшысы айтып өткендей, Мұнай мен металға жаңартылған сценарий бойынша, сонымен қатар, экономикалық белсенділікті ынталандыру бойынша дағдарысқа қарсы жедел алдын ала шараларына орай 2016 жылы ЖІӨ өсімі 0,5 пайызды құрамақ.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика