Парламент

2015 жылы ҚР-да ауыл шаруашылығы өнімінің артуына орай экономиканың өсімі 1,2% құрады – ҚР ҰЭМ

2015 жылы ҚР-да ауыл шаруашылығы өнімінің артуына орай экономиканың өсімі 1,2% құрады, деп ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Сенатында 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің өзгерістерінің тұсаукесері барысында айтты.
Астана қаласы25 Ақпан , 10:42

«Қазақстанның экономикасы 2015 жылы Қытай және Ресей сынды негізгі сауда әріптестерінің экономикалық жағдайдың нашарлауы, әлемдік тауар нарықтарында кенеттен бағаның түсуі сынды теріс сырқты факторлардың әсерінен дамыды. Осылайша, 2015 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 47,1% -ға төмендеді және бір баррель үшін 52,4 долларды құрады. Металдың әлемдік бағасы 21,1 %-ға төмендеді, ал бидай  28,7 %-ға. Төніп келе жатқан дағдарысқа жауап ретінде Мемлекет басшысының тапсырысы бойынша 2015 жылы «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасын іске асыру жұмысы басталды»,-деді Е. Досаев.

Министрдің айтуы бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын өзекті орындау үшін Үкіметпен экономикалық өсімді қамтамасыз ететін аранайы Жоспарлар мен «ерекше кезең» Жоспары қабылданды.

«Алдын ала деректер бойынша және осы шаралардың арқасында Қазақстанда 2015 жылы экономикалық өсу ауыл шаруашылығында өндірісінің артуына, құрылыс, тұрғын үй құрылысын қосқанда, көлік секторында қызмет көрсету көлеміне байланысты 1,2% құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ға төмен болды»,-деді министр.

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика