«Жаңа халықаралық экономикалық жағдайға байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында көптеген мемлекеттер мақұлдайтын «көрпеге қарап көсілу» қағидасын атап өтті. Бұл қағида бюджет саясатын дұрыс үйлестіруге, шығынды азайтып, кірісті арттыруға, шағын және орта бизнеске жаңаша жағдай жасауға, қаржы институттарын сауықтыруға мол мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н.Назарбаев шығынды оңтайландыруға қарамастан, әлеуметтік маңызды бағдарламаларды қысқартқан жоқ. Керісінше, жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастырды, еңбекақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды көбейтті. Соның ішінде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ерекше назар аударып отыр»,-деп атап өтті украиндық ғалым.
Оның айтуынша, біздің республика әлеуметтік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырғаннан бөлек, жаңаша мүмкіндіктер туғызуда көшбасшылық жасап келеді. Шетелдік сарапшы Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін маңызды жетістік деп есептейді.
«Қазақстанның дамуы үшін жаңа жағдайлар жасау мақсатында тиімді жекеменшік иелерін қалыптастыруды қолға алып отыр. Осы арқылы мемлекет экономиканы кең масштабты жекешелендіру мен ырықтандыру бағытында жүріп келеді. Президент өз Жолдауында қазақстандық көшбасшы кәсіпкерлерді өз қаржыларын жекешелендіру мен ресмилендіруге белсенді атсалысуға шақырды. Бұл Қазақстан республикасы үкіметінің және Н.Назарбаевтың жеке көпжылдық дипломатиялық жұмысының сыртқы саясаттағы жемісті нәтижесі»,-деді В.Магась.
Еске сала кетейік, 2015-ші жылдың 30-шы қарашасында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Өсім, реформа және даму» атты Жолдауын жариялаған болатын.
Данияр Қасымов