Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

СҚО-да жаңа диірмен цехында 70 жұмыс орны ашылады

Солтсүтік Қазақстан облысында «Батыр өнімі» ЖШС атты диірмен цехі ашылды. Нысан өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жүзеге асқан жоба, 70 жұмыс орнын ұсынбақ, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан25 Ақпан , 17:11

СҚО әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров  жобаның ашылу салтанатында аталмыш жобаның жүзеге асуы өңірдің өңдеу өнеркәсібіне  оң әсер ететінін айтты.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу көлемін арттыруды тапсырған болатын.  Жаңа цех жылына 20 мың тоннадан астам өнім шығара алады. Компания  экспортты  Қазақстан  өңірлеріне  ғана емес, Өзбекстан мен Ауғаныстан нарықтарына шығара алады», - деді А.Сапаров.

Диірмен цехінде жоғарғы, бірінші  сорт ұны мен кебек өндіріледі.

Жоба жетекшісі Вячеслав Волохин шикізат жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінен алынады. Қондырғы ұнның 15 түрын шығарады. Қазіргі таңда 7 түрі игерілді. 




Яндекс.Метрика