Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ темір жол вокзалдарындағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету Ережесі бекітілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету Ережесін бекітті. Жаңа Ереже еліміздің барлық өңірлерінде жүреді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан26 Ақпан , 08:56

Жаңа Ереже бойынша, вокзал қызметкерлерінің міндетіне мүмкіндігі шектеулі  жолаушыларды күтіп алып, жүгін вагондарға дейін жеткізіп, өзін отырғызуға көмектесу қызметтері енгізілді. Ол үшін вокзал кезекшісініе мүгедек азаматтың келетіндігі туралы алдын ала хабарлануы тиіс. Бұл міндет арнайы нұсқамалық бойынша кезекшінің лауазымдық міндетіне енгізілді.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 1-қаңтарда қол қойған «Қазақстан Республикасының мүгедектерді қорғау туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдайлар жасау керектігі айтылған»,-дейді Қазақстан Мүгедектері одағының төрағасы Әли Аманбаев.

Әли Аманбаевтың айтуынша, Одақ «Вокзал сервис» АҚ-ымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оның ішінде, әлеуметтік жобаның бірі ретінде ақпараттарды ілеспе аударма жасау да көзделген.

Қазіргі таңда еліміздегі 138 теміржол вокзалында пандустардың ыңғайлы еңістігі талапқа сай жасалған. 58 вокзалда мүгедектерге арналған арбашалар да алынған. 16 вокзалдағы анықтама бюролары құлағының мүкісі бар жандарға қажетті ақпараттық жүйемен қамтылған. 

Вокзал ғимараттарында арнайы дәретхана бөлмелері,вокзалдардың алдындағы алаңдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың автокөліктері тұрағы жасалады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика