«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 16 млрд. теңге бөлінді

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жалдық және несиелік тұрғын үй құрылысы мен инженерлік жүйе құрылысына 16 млрд. теңге бөлінеді. Оның 3 млрд. теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымдар жүргізуге бөлінбек, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев халыққа есеп беру кездесуінде.
Маңғыстау 25 Ақпан, 11:47

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасының инфроқұрылымдық жобаларын жеделдетіп іске асыру үшін де қаржы қарастырылатынын атап өтті. Бұл Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолы мен Құрық портындағы паромдық кешен құрылыс жұмыстарының жалғасы. 2016-шы жылы Жетібай-Жаңаөзен автомобиль жолының құрылысы жобасын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық қордың қаржысы есебінен Бейнеу ауданында үш ауысымда оқытатын мектептер болмайтындай мүмкіндік жасалады. 

«3 млрд. теңге «Каспи» су тұщытқыш зауытын жаңғыртуға және Мұнайлы ауданындағы 10 автономды жылыту қазандықтарының құрылысына жұмсалатын болады. Бұл жобалар дамып келе жатқан ауданды  үздіксіз қамтамасыз ететін жылу жүйесімен және жылдам ағынды таза ауыз судың беріліп тұруына мүмкіндік береді»,-деп хабарлады А.Айдарбаев.

Аймақ басшысының айтуынша, орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігі мен аймақтық кәсіпкерлер палатысы бірлесіп  «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС шағын қаржы ұйымын құратын болады.





Яндекс.Метрика