Халықаралық интеграция

Қытай Қазақстанмен партияаралық қарым-қатынастарды нығайтуға дайын

Қытайдағы Қазақстанның елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің халықаралық бөлімінің басшысы Китая Сун Таомен кездесу өткізді, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде25 Ақпан , 15:03

Кезедсу барысында екі жақ Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайын, екіжақты партияаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ  «Нұрлы жол» ҰЭП аясында келісімін іске асыру жолдарын және «Жібек жолының экономикалық белдігі» атты қытай бастамаларын талқылады.

«Қазақстан – әлем сахынасында саяси салмағы бар ел. Қытайлықтар Қазақстанмен қарым-қатынастың өрбуіне үлкен мағына береді. Қазақстан – біздің маңызды көршіміз, досымыз және сенімді серіктесіміз. Жыл сайын жоғары деңгейде сапарлар болып тұрады және олармен барлық сала бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жасалған»,-деді Сун Тао.

Мемлекет және үкімет басшыларының және басқа да жоғары деңгейдегі делегацияның сапарлары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.

Естерінізге сала кетейік, Халықаралық ҚКП ОК бөлімі 1951 жылы қалыптасып, Қытай коммунистік партиясының сыртқы байланыстары  үшін жауапты орган болып табылады және ҚКП ОК-ның сыртқы саясатын іске асырады.

Статистикаға сәйкес, 2015 жылдың жағдайы бойынша ҚКП-ның  мүшесіне 87 млн адам болды. 




Яндекс.Метрика