EXPO-2017

Сербия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға мүдделі

Белградта Қазақстанның Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемова мен Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен және бірінші вице-премьер, Сыртқы істер министрі Ивица Дачичпен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде25 Ақпан , 15:19

Кездесу барысында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа бару  сапары мен Сербия премьер-министрі Александр Вучичтің Астанаға  АЭФ IX жұмысына қатысқандығы, Сербияның ЭКСПО-2017 көрмесіне  қатысуы талқыланды.

«Сербия Президенті Қазақстан мен Сербияның саяси қарым-қатынасына жоғары баға берді. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғаш рет Сербияға сапарын тағатсыздана күтіп жүргендігін айтты», - делінген хабарламада.

Сербияның сыртқы істер  басшысы Қазақстанға Сербияның бірқатар халықаралық шешімді қабылдауында қолғабыс көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, Сербияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығы  расталды.




Яндекс.Метрика