Басқару

Т.Охлопкова: Сайлауды бақылау ұлттық сенімділіктің нығаюына ықпал етеді

Эксклюзив
Сайлауды бақылау ұлттық сенімділіктің нығаюына әсер етеді. 1995 жылдан бастап біздің ел 9 мың халықаралық бақылаушы үшін жағдай жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 25 Ақпан, 09:13

- Татьяна Витальевна, Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылар қызметіне ерекше көңіл бөледі. Қазақстандағы халықаралық бақылаушылардың қызметінің тіжңрибесі туралы айтып өтсеңіз.

- Сөзсіз, сайлауға бақылау жүргізу ұлттық және халықаралық сенімді арттыра түседі. Қазақстан өзіне жауапкершілікті артып халықаралық бақылау институтын құрған болатын. Сайлау кампаниялары әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттырып отыр. 1995 жылдан бастап біздің ел 9 мың халықаралық бақылаушы үшін жағдай жасады. Айта кетерлігі, халықаралық бақылаушылар біздің елде екі тәртіп бойынша қызмет атқара алады. Біріншісі – мемлекеттік елдер мен  халықаралық ұйымдардың Сыртқы істер министрінен ресми шақырту алу немесе Орталық сайлау комиссиясы төрағасының шақыртуына ие болу.

Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере отырып, Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты.

Сайлау туралы заңға сәйкес халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрінің немесе ҚР ОСК Төрағасының ресми шақыруы бойынша, сондай-ақ Ортсайлауком берген халықаралық байқаушының аккредиттелгені туралы куәлік болған кезде сайлауды байқауды жүзеге асырады. Шетелдік БАҚ өкілдері ҚР СІМ-нің акредиттеу туралы куәлігі болған кезде байқауды жүзеге асыра алады.   

- Сайлау қорытындысы бойынша байқаушылар миссиясы есеп әзірлейді. Есептердегі қандай оңтайлы көрсеткіштер бар, айтып өтсеңіз.

Халықаралық байқаушылардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету  оларды жіберген шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен немесе байқаушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған ереже халықаралық құжаттарда көрсетілген.

Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауды үш халықаралық ұйымның миссиясы жүзеге асырады:

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), 1999 жылғы президенттік сайлаудан бастап;Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – 2004 жылғы Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап;Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2007 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудан бастап.

Сайлауды байқау жөніндегі Миссия – ДИАҚБ қызметінің неғұрлым ауқымды нысаны. Оның құрамына сарапшылардың негізгі тобы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқаушылар кіреді. Миссияның құрамында сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының, Еуропалық Парламенттің және басқа да парламенттік ұйымдардың делегациялары болуы мүмкін.

- Шетелдегі қазақстандық бақылаушылар туралы айтып өтсеңіз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біз  шетелдік сайлауларға бақылаушы ретінде белсене араласа бастадық. Бұл қызметтің үйлестірушісі Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды. 2005 пен 2015 жыл аралығында ОСК шетелдік елдердің 105 сайлауына 1310 қазақстандық бақылаушыны жіберді. ДИАҚБ/ЕҚЫҰ құрамында 247 болса, 855- ТМД атынан бақылаушылар миссиясы, 49 – ШЫҰ атынан, 154 – шетелдік елдердің орталық органдарының шақыртылуы бойынша бағытталды, 5  - Түркітілдес елдердің кеңесі атынан жол тартты.

Қазақстандық бақылаушылар үшін бұл бірегей мүмкіндік. Шетелдің сайлау үрдісіне қанық бола алады.

Шетелдегі сайлауларға қатысқан Қазақстанның барлық бақылаушылары біздің елге деген жоғары қызығушыолықты атап жатады. Осыған орай, олар алдағы сайлауларға да шақырту ретінде ақпарат алмасып, байланыс орнатып жатады.

- Сұхбатыңызға   рақмет!

Ботагөз Айтжанова

Сурет жеке мұрағаттан 





Яндекс.Метрика