EXPO-2017

ЭКСПО-2017 барша әлемге Қазақстандық таныстырады

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны өтуде. Жиын қатысушылары ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы мен сәулеті бойынша таныстырулар паш етілді.
Астана қаласы24 Ақпан , 20:32

 «ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады және ол энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді. Қазақстан әлемдік трендтен алшақтамайды және экономиканы «жасыл» негізге өзгертуде»,-деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, 2015 жылы қуаттылығы шамамен 120 МВТ болатын 14 жаңартылатын энергия жобалары енгізілді. Жалпы алғанда, өткен жыл ішінде, жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі шамамен 700 млн кВт / сағ құрады.

«Н.Назарбаевтың бастамасы – жаһандық энергетикалық стратегиясы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына БҰҰ-ның конференциясымен қолдау көрсетілді. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын және 2020 жылға дейінгі тиісті шаралар жоспарын қабылдадық. Елімізде «жасыл» экономика бойынша Кеңес орнатылды»,- деді Д.Назарбаева.

Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін Астанада өтетін 2017 жылғы көрмеге әлемнің 75 мемлекеті ресми түрде өз келісімдерін берді және қатысулары бойынша 28 келісім-шартқа қол қойылды.  Аталмыш жиналыс аясында қосымша келісім-шарттарға қол қойылады.

«2015 жылдың 5 қараша айында Парижге Президент Н.Назарбаевтың барған сапары аясында көрменің Халықаралық бюросымен халықаралық қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімшартқа қол қойылды. А.ж. 18 ақпа айында аталмыш келісімшартты ратификациялау бойынша тиісті заң қабылданды.   Біз Халықаралық көрмелер бюросының ынтымақтастығына үлкен мән береміз»,-деді Д.Назарбаева.

Қазақстан Үкіметі мен ХКБ арасындағы келісім халықарлық қатысушыларға ЭКСПО-2017 қатысу құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді,деп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов көрме қатысушылардың халықаралық жиналысында айтып өтті. 

«Біз халықаралық қатысушылар үшін ең ыңғайлы жағдай жасауға  ерекше назар аударудамыз. Қазақстан мен ХКБ арасында «Си Агримент»келісімшартына қол қойылды.  Аталмыш келісім қабылдаушы тарапынан ресми қатысушыларды қамтамасыз ететінін жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастырады. Олар салықтардан босатылу, кедендік рәсімді қысқарту, сақтандыру және т.б.  Осы орайда, Қазақстан өткен жылғы көрмемен салыстырғанда  жеңілдік жасау тізімдерін ұлғайтады. Аталмыш жеңілдік ЭКСПО-2017 қатысу құнын төмендетуге мүмкіндік береді»,-деді ол.

Айта кетейік, салық жеңілдігі тауар, қызмет, жұмыс, Қазақстан Республикасының аумағында комиссар кеңсе бөлімін сатып алуда,  сонымен қатар қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінде жүзеге асырылатын түсімдер бойынша ҚҚС-дан босатылады.

Сонынмен қатар, А.Есімовтың айтуынша, Көрме аумағында 1374 пәтерден тұратын тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталуда. Ол қолжетімді бағамен ала алатын қатысушыларға арналған.

ЭКСПО-2017 қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі. Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 ұсынып отырған көрменің білім беру күші мен мүмкіндіктерінің маңыздылығы туралы ойлануға шақырамын, деп Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы В. Лоссерталес айтып өтті.

«ЭКСПО-2017 көрмесі қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі және бұл жерде Қазақстан өзін тұрақты дамуы бар, «жасыл» экономикаға көше алатындығын мәлімдей алады»,-деді ол.

Көрменің бас хатшысының айтуынша, ЭКСПО-2017 қатысушыларына жаһандық энергия алдында тұрған өз ойларын, шешімдерін ұсынып және мәселені шешуге жоғары сатысы пайда болады.

«ЭКСПО-2017- жаһандық деңгейде энергетикалық проблемаларды шешу үшін қандай жағдай жасау керектігін талқылау үшін жаңа мүмкіндік болып табылады. «Болашақтың қуаттылығы» тақырыбы көрмені қызықты қылдыра түседі»,- деді ол.

Сонымен қатар, В. Лоссерталестің айтуынша ЭКСПО-2017 өздерінің ойларын білдіруге жақсы мүмкіндік береді.

«Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 ұсынып отырған көрменің білім беру күші мен мүмкіндіктерінің маңыздылығы туралы ойлануға шақырамын»,-деді ол.

ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін 225 тыс м2. аумақ Халықаралық «Астана» қаржы орталығына өтеді, деді аталмыш қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысында.

«ЭКСПО көрмесінен кейін бірқатар нысандар Халықаралық «Астана» қаржы орталығының барлық органдарын орналастыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында инфроқұрылымдық ұйымдар, халықаралық қаржы институттары мен Халықаралық «Астана» қаржы орталығына қатысушылар бар. 25 гектар жерге ЭКСПО-ң 20 нысаны орналасуға тиіс. Соның 225 мың шаршы метрі Халықаралық «Астана» қаржы орталығына тиесілі болады. Бұған 14 халықаралық павильон, корпоративті павильон, көрмені ұйымдастырушылардың кеңсесі, конгресс кеңсесі, конгресс орталығы, «Ұлттық күн» павильоны», «Энергия» холы кіреді, деп хабарлады Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан көрмені өткізуде шетелдіктер үшін ашық болады.

«Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қызметімен Қазақстан аумағына келетін азаматтар үшін 5 жылдық арнайы визалық режім іске қосылатын болады. Бұл орган қызметкерлері мен Орталықтың қатысушыларына және олардың отбасына ғана қатысты. Сонымен қатар, шетелдік мамандарды тарту үшін ОЭСР, ОАЭ, Малайзия, Сингапур және Монако елдерінің азаматтарына визасыз Қазақстанда 30 күн болу құқығы беріледі»,- деді ол.
Сонымен қоса, көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Астана мен әлемдік жетекші қаржы орталықтары арасына ыңғайлы және үнемі жұмыс істеп тұратын әуе хабарлама орнату жоспарлануда.  

 «Халықаралық «Астана» қаржы орталығы мен Халықаралық арбитражды орталықта қаржы соты жұмыс істейтін болады. Бұл құқықтық жүйені жүзеге асыру Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басты ерекшелігі болмақ. Аталмыш жүйе шетелдік инвесторлардың Қазақстанға сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушылары ретінде халықаралық және отандық компаниялар, брокерлік-диллерлік қызмет көрсетушілер, андеррайтингтік қызмет, инвестициялық компаниялар, ислам банкі, сақтандырушы компаниялар және тағы басқалар шақырылатын болады. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушыларына қызмет көрсету үшін заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік және консалтингтік компаниялар тартылады»,-деді Қ.Келімбетов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика