Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда 10 жыл ішінде әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар 3 есеге өсті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттің әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөлінеді. 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында да әлеуметтік салаға бір бөлім арналды.
Астана қаласы24 Ақпан , 18:46

 «Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды», - дед Елбасы 2016 жылдың 30 қарашадағы Жолдауында.

 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау саласының жалақысын 28 пайызға дейін көтеруге тапсырма берді, білім беруде – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаныста – 40 пайызға дейін.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясында мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілердің жалақысын көтеру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің әр түрлі санаттарына орай сараланған тәсілдерді қолданған орынды. Аталмыш тапсырма бойынша орындалған жұмыстарды ҚР  ДСӘДМ Ішкі бақылау департаментінің директоры Гүлар Әлімбекова Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу бойынша жаңа үлгі енгізілуде.  Мемлекеттік қызметкерлер – ол мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, олар мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері болмайды. Олар экономиканың көптеген салаларына жұмылдырылған. Олардың саны бүгінгі күні 1 млн 200 мың адам. Ол мұғалімдер, тәрбиешілер, дәрігерлік, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері.  Жаңа модель жалақы белгілеудегі отандық және халықаралық тәжірибені қанағаттандыруға арналған 31 желтоқсандағы №1193  Үкімет қаулысымен қабылданды», - деді ол.

«Біз  мемлекеттік қызметкерлерге арналған ескі жалақы жүйесінің барлық тәсілдерді қайта қарадық. Егер мемлекеттік қызметкерлердің тізілімі барлық салаға бірдей болса, қазір бөлек және біздің министрліктің келісімі бойынша салалық министрліктің құзыретті органымен бекітілетін болады.

«Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымын 4 бөлімге бөлеміз: басқарушы қызметкер, олар ұйымдық басшылығының қызметін атқарады. Біз олар үшін жеке А блогін  жасадық. В блогі – негізгі қызметкер. Олар тәжірибелі қызметтерді атқарады. Білім беру саласында бейінді қызметтерді мұғалімдер, тәрбиешілер, денсаулық сақтау саласында – дәрігерлер, мейірбикелер атқарады, яғни әрбір салада биінді қызметті атқаратындарға осы блокты жасадық. Барлықтары білетіндей, негізгі қызметкерлердің жұмысы  ұйымның әрекетіне байланысты болады. Келесі С блогі – бұл әкімшілік қызметкер. Әкімшілік, ауыл шаруашылық, құқықтық міндеттерді атақаратын қызметкерлерді бір блокқа жинадық. Әкімшілік қызметкер негізгі қызметкерлердің жұмыстарын қамтамасыз етеді», - деді Г.Алимбеова.

«Біз 4-5 жылдай осы сұрақты қарастырдық.  Біз АҚШ-тың халықаралық, барлық Еуропа елдерінің, Азия елдерінің және көрші елдердің тәжірибесін зерттедік.  Олардың еңбеакақы төлеу жүйесін зерттеп, халықаралық тәжірибе жүйесін есепке алып жаңа модельге енгіздік», - деді ол.

«Біз 4 блок бойынша бөлуді үлгіге алдық. Әрине, біз кесте коэффициентін барлығын қарастырдық, сондайа-ақ қосымша ақылар мен жәрдемақы бар, ол жерде мемлекеттік қызметкерлер өздерінің айлықтарына қосымша түрде еңбек тәжірибесіне, қиын жұмысына орай алатын болады. Өзектілігін жоғалқан қосымша төлемдерді алып тастадық.  Жұмыс ерекшелігіне орай ауыл шаруашылығы мен мәдениет қызметкерлеріне жаңа қосымша төлемдер пайда болды», - деп түйіндеді ол.

 

 

 




Яндекс.Метрика