Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Э.Батырбеков: Ғылыми зерттеулерді коммерциялау Қазақстанның экономикасының өсуіне ықпал етеді

Мемлекеттік қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың айқын тетіктері Қазақстанның экономикасының өсуіне ықпал етеді, деп «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры, физика-математика ғылымының докторы Эрлан Батырбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы24 Ақпан , 17:26

«Біз қару-жарақтарды жаппай жою мен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша Қазақстан Республикасының саясатын іске асыру мақсатында ғылыми-техникалық миссияны атқарудамыз. Осы жылы ҚР Президенті Семей ядролық сынақ полигоны қаулысына қол қойғанына 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде ядролық сынақ инфрақұрылымын жою арқылы шешілетін мәселелердің кешенді жиынтығы, ядролық қару сынақтардың зардаптарын жоюды аяқтау, республикада атом энергетикасын дамыту бойынша ғылыми-техникалық, технологиялық және карлық базаларды құру мәселелері шешілді. Бүгінгі күні біз жалпы ауданы 7860 шаршы км Семей полигонының 40% астам арналған кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргіздік»,-деді Э. Батырбеков.

«Ұлт жоспары «100 нақты қадам» барлық өмір салаларын қамтып, ойдағыдай іске асырылады. Жоспардың бекеттерін орындау бойынша жаңа нормативті актілерді қабылдау сынды жұмыстьар атқарылуда. Бұл айтарлықтай өндіріске біздің ғылыми жетістіктерді енгізу мен арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді . Мемлекеттік қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың айқын тетіктері Қазақстанның экономикасының өсуіне ықпал етеді»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика