Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

А.Дауылбаев: Сотқа дейінгі өндірістің жаңа моделі тәжірибеде өзінің тиімділігін көрсетті (ФОТО)

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге енгізілетін түзетулер талқыланды.
Астана қаласы 24 Ақпан, 17:09

Ведомство хабарлағандай,  жиналыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, бірқатар құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ғылыми ортаның өкілдері қатысты.

Өткен жылдың басынан бері құқық қорғау жүйесі жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнама шеңберінде қызмет етуде. Жаңа жағдайларда жұмыс істеуге тиімді және ыңғайлы көшу бойынша барынша қажетті шаралар қабылданды.

Бас Прокурор атап өткендей, сотқа дейінгі өндірістің жаңа моделі тәжірибеде өзінің тиімділігін көрсетті, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге септігін тигізді. Сонымен қатар, заңнамалық жаңашылдықтарды енгізу құқық қолданушылық тәжірибенің жекелеген сұрақтарымен қатар жүрді.

Сондықтан жаңа кодекстерді қолдану тәжірибесіне мониторинг және талдау жасау мақсатында Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық жұмысшы тобы құрылған болатын, бүгінде топ Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерге енгізуге сәйкес түзетулер әзірледі.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін егжей-тегжейлі талқылап, қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру және сотқа дейінгі өндірісті қарапайым етуге бағытталған ұсыныстарды талдады. 

Ведомствоаралық жұмысшы тобына осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру ұсынылды. Жиында айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулерді қорытындылап, топ жиналысында талқылау қажет. Олардың негізінде әзірленетін заңнамаға енгізілуі тиіс түзетулер барлық мүдделі органдардың пікірлерін есепке ала отырып Президент Әкімшілігіне жоданатын болады.

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика