Халықаралық интеграция

Герхард Шредер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаға жоғары баға берді

2016 жылы 23 ақпанда Германияда Қазақстанның елшісі Болат Нүсіпов Германияның атақты қоғамдық-саяси қайраткері, ГРФ бұрыңғы канцлері Герхард Шредермен кездесті, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Астана қаласы24 Ақпан , 17:41

Кезедсу барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның әлеуміттік-экономикалық дамуымен, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында өткізіліп жатқан реформалармен, сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының негізгі аспектілерін таныстырып өтті. Қазақстанның елшісі Г. Шредердің қазақ-неміс қарым-қатынастарының табысты дамуына қосқан үлесі және маңыздылығын атап өтті.

Неміс саясаткері өз кезегінде біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаға және халықаралаық аренадағы біздің мемлекеттің жетістіктеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, оның айтуы бойынша Н.Назарбаев тұрақтылық пен орнықты даму жолдарын елге ғана емес, сондай-ақ барлық аймаққа енгізуде.

«Г.Шредер Астана мен Берлинде Қазақстанның Басшымсымен өткен сындарлы келіссөздерді жылылықпен еске алып, алдағы уақытта Мемлекет басшысына реформаны іске асыруда табыс тіледі»,-деп хабарландыруда айтылған.

Айта кететін жайт, 2003 жылы Г. Шредер алғаш рет неміс канцлері ретінде Қазақстанда болды және олар «Назарбаев-Шредер» бағдарламасын бастады. Ол жерде экономика саласында басқарма кадрларын дайындау жұмыстары атқарылады. 




Яндекс.Метрика