Ұлт жоспары 100 нақты қадам

М.Биир: Астанада қабылданатын шешім бар әлемге әсер етеді

Астанада қабылданатын шешім бар әлемге әсер етеді, деді Дубай халықаралық қаржы орталығы сотының тіркеушісі, Халықаралық сот әкімшілігінің өңірлік вице-президенті Марк Биир Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы24 Ақпан , 16:52

Айта кетейік, ҚР Жоғарғы соты  жанындағы Халықаралық кеңес  Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 25-ші қадамын жүзеге асыру барысында құрылды.  Ол халықаралық стандарттарды шетелдік судья мен заңгерлер көмегімен енгізуді қарастырады. Кеңес Жоғарғы сотты қазақстандық әділеттілікті дамыту бойынша кеңестендіреді.

«Қазақстан – жаһандық ел. Дубайда бірнеше жыл бұрын жасалған әрекетпен салыстырсақ, бұл Дубайға ғана әсер етті. Қазір Дубай жаһандық қалаға айналды, Астана да сол сынды. Бұл жерде қабылданған  шешім барша әлемге әсер етеді. Жоғарғы сот Халықаралық кеңесті  жаһандық рөлді сезіну үшін құрды», - деді М.Биир.

Айта кетерлігі, Астанада 22 ақпанда Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде инвестициялық дауларды шешу, жаңа Этикалық кодекстің әдістері мен тәртіптері қаралды.

Анар  Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика