Басқару

Елбасы Н.Назарбаев Астанада Египет Президентімен кездеседі

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Астана қаласы24 Ақпан , 16:01

25 ақпанда Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездеседі деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында ЕурАзЭО-ның қазіргі қызметінің мәселелері, сондай-ақ Комиссия жұмысының алдағы кезеңдегі басымдығы бар бағыттары талқыланатын болады.

Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен де кездеседі деп жоспарлануда. Кездесуде халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы мен салынып жатқан павильондарды мазмұндық тұрғыдан жабдықтау мәселесін талқылау көзделген.

26 ақпанда Мемлекет басшысы Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездеседі. Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған. 

Сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланған. 

 




Яндекс.Метрика