EXPO-2017

В.Лоссерталес: ЭКСПО-2017 қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі

ЭКСПО-2017 қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі. Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 ұсынып отырған көрменің білім беру күші мен мүмкіндіктерінің маңыздылығы туралы ойлануға шақырамын, деп Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы В. Лоссерталес көрме қатысушылардың халықаралық жиналысында айтып өтті.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:56

«ЭКСПО-2017 көрмесі қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі және бұл жерде Қазақстан өзін тұрақты дамуы бар, «жасыл» экономикаға көше алатындығын мәлімдей алады»,-деді ол.

Көрменің бас хатшысының айтуынша, ЭКСПО-2017 қатысушыларына жаһандық энергия алдында тұрған өз ойларын, шешімдерін ұсынып және мәселені шешуге жоғары сатысы пайда болады.

«ЭКСПО-2017- жаһандық деңгейде энергетикалық проблемаларды шешу үшін қандай жағдай жасау керектігін талқылау үшін жаңа мүмкіндік болып табылады. «Болашақтың қуаттылығы» тақырыбы көрмені қызықты қылдыра түседі»,- деді ол.

Сонымен қатар, В. Лоссерталестің айтуынша ЭКСПО-2017 өздерінің ойларын білдіруге жақсы мүмкіндік береді.

«Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 ұсынып отырған көрменің білім беру күші мен мүмкіндіктерінің маңыздылығы туралы ойлануға шақырамын»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика