Басқару

ҚР ОСК: Қазақстанның барлық деңгейлі мәслихатына 3 мыңнан астам үміткер сайланады

Орталық сайлау комиссиясында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары және олардың үгіт науқанының басталғаны туралы брифинг болды.Қазақстанның барлық деңгейлі мәслихатына 3 мың үміткер сайланады, деді ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаев.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:47

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстырды.Жалпы республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік               1 депутаттық мандатқа 3 үміткерді құрайды.Тіркелген кандидаттардың 1592-сі – облыстық мәслихаттарға, 121-і  – Астана қаласының мәслихатына, 130-ы – Алматы қаласының мәслихатына тіркелді.

Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға – 2120  кандидат үміткер.

Тіркелген кандидаттардың 3407-ін саяси партиялар, 17-ін - қоғамдық бірлестіктер үсынған, 7401-і - өзін-өзі ұсынғандар.

«2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар  саны 2016 жылы  1660 адамға көбейді, яғни жергілікті өкілді билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір өсті» - деп атап өтті М. Сәрсембаев.

Бүгінгі күннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт жүмысына кіріседі.

«Барлық 10 мың 825 кандидат өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, сайлаушылар даусы үшін сайлау заңнамасының шеңберінде әділ бәсекелі күрес жүргізетініне сенім білдіреміз» - деді М. Сәрсембаев брифинг соңында.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика