EXPO-2017

А. Есімов: ҚР мен ХКБ Келісім аясындағы артықшылық ЭКСПО-2017 қатысу құнын төмендетуге мүмкіндік береді (ФОТО)

Қазақстан Үкіметі мен ХКБ арасындағы келісім халықарлық қатысушыларға ЭКСПО-2017 қатысу құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді,-деп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов көрме қатысушылардың халықаралық жиналысында айтып өтті.
Астана қаласы 24 Ақпан, 15:42

«Біз халықаралық қатысушылар үшін ең ыңғайлы жағдай жасауға  ерекше назар аударудамыз. Қазақстан мен ХКБ арасында «Си Агримент»келісімшартына қол қойылды.  Аталмыш келісім қабылдаушы тарапынан ресми қатысушыларды қамтамасыз ететінін жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастырады. Олар салықтардан босатылу, кедендік рәсімді қысқарту, сақтандыру және т.б.  Осы орайда, Қазақстан өткен жылғы көрмемен салыстырғанда  жеңілдік жасау тізімдерін ұлғайтады. Аталмыш жеңілдік ЭКСПО-2017 қатысу құнын төмендетуге мүмкіндік береді»,-деді ол.

Айта кетейік, салық жеңілдігі тауар, қызмет, жұмыс, Қазақстан Республикасының аумағында комиссар кеңсе бөлімін сатып алуда,  сонымен қатар қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінде жүзеге асырылатын түсімдер бойынша ҚҚС-дан босатылады.

Сонынмен қатар, А.Есімовтың айтуынша, Көрме аумағында 1374 пәтерден тұратын тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталуда. Ол қолжетімді бағамен ала алатын қатысушыларға арналған.

 





Яндекс.Метрика