Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Н.Мәлелов: «ҚазАгро» жекешелендіруге шығарылатын төрт компанияны анықтады

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бәсекелестік ортаға тапсырылатын 4 компанияны анықтады, деді «Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:34

«Алдын ала бәсекелестік ортаға берілетін төрт компания анықталды.  Бұл «Өндірістік келісім шарт компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Казагромаркетинг» АҚ, «Қазагроөнім» АҚ. Біз бағалайтын және инвестициялық компанияларды таңдайтын боламыз. Олар сату тәртібі мен әдісін белгілейтін болады. Әрбір компанияның дайындығы ерекше. Біз 2016-2017 жылдары осы іспен айналыспақпыз», - деді Н.Мәлелов.

Айта кетейік, 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында Үкіметке жекешелендірудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Оның құрамына мемлекет меншігіндегі барлық ұйымдар енуі керек. Бүгінде Қазақстан Үкіметі 2016-2020 жылға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын мақұлдады. Оның құрамына 700 ұйым енді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика