EXPO-2017

ЭКСПО-2017-нің халықаралық павильондарының құрылысы 2016 жылдың қараша айында аяқталады

Халықаралық павильондардың құрылысы белсенді сатыда келе жатыр және ол осы жылдың 1 қараша айында аяқталады, деп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов көрме қатысушылардың халықаралық жиналысында айтып өтті.
Астана қаласы24 Ақпан , 15:18

«Бүгінгі күні дейін Астанада өтетін 2017 жылғы көрмеге әлемнің 75 мемлекеті ресми түрде өз келісімдерін берді және қатысулары бойынша 27 келісім-шартқа қол қойылды. Жиналыс барысында тағы да 12-ден астам келісім-шарт жасаймыз. Мен бұл елдерге ЭКСПО-2017 жобасына адалдық көрсетіп, Қазақстан Республикасының шақыртуына үн қатқандарына алғыс білдіремін. Біз көрмеде 100-ден астам ел қатысады деп күтудеміз»,-деді ол.

Сонынмен қатар, А.Есімов Халықаралық павильондардың құрылысы белсенді сатыда келе жатыр және ол осы жылдың 1 қараша айында аяқталады деп айтып өтті.

«Сол уақытта біз қатысушыларға елдердің көрме павильондарын тапсыруға дайын боламыз. Бұл өте маңызды, бізде жобаны келісу үшін 7 ай уақытымыз бар»,-деді ол.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы павильондардың  ішкі мазмұн ерекшелігіне назар аударды.

«Естерінізге сал кеткім келеді, ЭСКПО – әлемдік алаң және барлық елдер өздерінің үздік жетістіктерін ашық түрде көрсете алады. Осыған орай, барлық қатысушыларды осындай мүмкіндікпен қолданып алуға шақырамын және өздеріңіздің ғылыми-технологиялық, интеллектуалдық, архитектрлі-дизайнерлік шамаларыңызды «Болашаштың қуаты» тақырыбында көрсете алу мүмкіндігі бар»,-деді А.Есімов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика