Инновациялар

ҚТЖ-да жолдың нақты жағдайын анықтаудың бірегей кешені сынақтан өткізілді

Қазақстанның темір жолында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мамандары жасаған бірегей қолдануға оңай диагностикалық кешені пайдаланылады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан24 Ақпан , 18:14

Аталмыш кешеннің ешқандай баламасы жоқ. Оның құрамында ақаутапқыш  пен жол өлшегіш құрылғы және бейне бақылау қондырғысы  орнатылған арнайы вагон қызмет етеді.

Бастапқы қанатқақты жоба сынағы аясында Астана - Бурабай шипажайы станциясына дейінгі 227 шақырымда темір жол желісінің нақты жағдайы тексеріліп, сынақтан сүрінбей өтті.  

 Жол жағдайын өлшеудің жаңа технологиясы автоматтандырылған «Магистраль» (АСУ) басқару жүйесі инновациялық жобасын жүзеге асыру аясында қолданысқа енгізілді.

Аталмыш жобаның басты мақсаты жолды жоспарлы жөндеу жұмыстарының орнына,  оның нақты жағдайына байланысты қызмет көрсетуге көшуге болады. Ол арқылы диагностикалық бақылаудың жаңа жүйесі темір жолдың сапалық жағдайын көтеру мен оған нақты диагностикалық сараптау жасауға мүмкіндік әпереді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2016 жылғы 6-қаңтардағы Ғылыми –техникалық кеңесінің шешіміне сәйкес, АСУ «Магистраль» тәжірибе конструкторлық бюросы мен ғылыми- зерттеу  нәтижелері қолдау тапты. Сонымен қатар бұл тәжірибені «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Магистральдық  желі дирекциясының» жол шаруашылығына кеңінен пайдалануға кепілдік берілді.

«Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика