Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанның электрондық үкімет порталында 5-миллионыншы пайдаланушы тіркелді

Қазақстанның электрондық үкімет порталында 5 миллион пайдаланушы тіркелді. Айтулы сан eGov үшін мерейтойлық жылға келді – сәуір айында eGov порталының құрылғанына 10 жыл. 5-миллионыншы пайдаланушы Теміртау қаласының тұрғыны Мария Усачева болып шықты.
Казахстан24 Ақпан , 17:58

«Ұлттық ақпараттық тенологиялар» АҚ хабарлағандай,  қазіргі таңда электрондық үкімет порталында 240 электрондық қызмет пен сервис жүзеге асырылған. Қазақстандықтар портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы осы уақытқа дейін азаматтарға 124 млн. астам әр түрлі қызмет көрсетілген.

Сонымен қатарпайдаланушылар арасында eGovтөлем сервисі сұранысқа ие, ол арқылы салықты, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және т.б. төлеуге болады. Олардың арасында ең жиі төленетін төлем жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды төлеу қызметі – 11 млрд.теңгеден астам. Қазақстандықтар 2 млрд. жуық теңгені мемлекеттік баж алымы үшін төледі 1,3 млрд. тенгені салық төлемдері құрады.

Электрондық үкімет порталы арқылы бюджетке төлемдерді жасау «Бір шертумен төлеу» сервисін іске қосу арқасында едәуір жеңілдеді. Бұл сервис төлем картаның деректерін қайта енгізбей бюджетке төлемдерді жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда электрондық үкімет порталымен жұмыс жасау үшін шамамен 10 млн. электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) берілген, олардың 4 млн. астамы азаматтардың жеке куәліктерінің чиптеріне жазылған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан электрондық үкімет дамуының деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде 193 елдің арасында 28 орынға ие.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика