Евразиялық одақ

ЕЭК өзінің төрт жылда атқарған қызметінің есебін жариялады

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ пен Комиссияның 2012-2015 жылдары атқарған жұмыстарының есебін жариялады.
Әлемде25 Ақпан , 08:56

Аталмыш есепте кедендік одақ бойынша интеграциялық жобалардың дамуы, Бірегей экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақтың атқарған қызметтері туралы ақпараттар берілген. Сондай-ақ, мұнда ЕЭО-ң миссиясы мен қағидалары және Одақтың экономикаға тиімділігі жөнінде де айтылған.

«Комиссияның негізгі мақсаты ЕЭО елдеріндегі бизнес-қоғамдастық өкілдерінің тиімді әрекет етулеріне қолайлы жағдайлар жасау. Есепте осы жөнінде де ақпараттар берілген. Мәселен, Консультативтік кеңес форматында жұмыс істеу, Консультативтік комитет, срапшылық және жұмыс тобы туралы толық мағлұматтар берілген», делінген хабарламада.

Комиссия жұмысының алғашқы кезеңіндегі Жоғыры Еуразиялық-экономикалық кеңесте 120 және ЕЭК-ң кеңесі мен алқасында 1600-ден астам құжат қабылданған.

Есепте сондай-ақ, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың тиімді жолдары қарастырылған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика