Өңірлер

Ақтөбе облысында бюджеттен тыс қаражат есебінен 29 жоба жүзеге асырылады

Ақтөбе облысында бюджеттен тыс қаражат есебінен 29 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен болған кездесуінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.
Ақтөбе24 Ақпан , 19:51

Өңір басшысының айтуына қарағанда, әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономиканы одан әрі дамыту үшін жеке және шетел капиталын тарту бойынша шаралар қолға алынуда.

«Прездент «Қазақстан стратегиясы - 2050» Қазақстан халқына Жолдауында табыс түсіру, инвестиция қайтарымы қағидаларын түгел қамтитын экономикалық прагматизмге негізделетін жаңа бағыттың экономикалық саясатқа ауыстыру қажеттілігі туралы атап өткен болатын.  Мемлекет басшысы бұл процестің негізгі құраушыларының бірі ретінде мемлекеттік-жекеменшік серіктесткті дамытуды атап көрсетті, - деді Бердібек Сапарбаев.

Неғұрлым басым жобалардың қатарында жедел медициналық жәрдем бекеті, қалалық балалар стоматологиясы, офтальмологиялық емхана, Мұз қалашығы, күрес сарайы, облыс орталығы мен аудандарда 14 балабақша, 3 емхана, аурухана және мектеп ғимараттарының құрылыстарын атап өтуге болады. Жобалардың жалпы құны 16 млрд теңге.

«Түркиядан инвесторлар Ақтөбе қаласында шұғыл медициналық көмек станциясының құрылысы жөнінде жобаны жүзеге асырмақшы. Жылына 150 000 шақырту қабылдайтын жобаны құны 1,8 млрд.теңге. Жедел жәрдем станциясы медициналық кластердің құрамына кіреді. Кластерді осы жылы шетел инвесторларының қатысуымен құрамыз. Кластер тек Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына ғана емес, Қызылорда болысына да қызмет көрсететін болады. «Қазхром» компаниясы 3000 орынға есептелген Мұз қалашығына 3,1 млрд теңге бөледі", - деп жоспарларымен бөлісті Бердібек Сапарбаев.  

Оның айтуына қарағанда, аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы ең алдымен облыс бюджетіне түсетін ауыртпалықты азайтуға болады. Қосымша 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады, 2415 баланы мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтуға болады, жедел медициналық жәрдем көрсету сапасын арттыруға, білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік пайда болады.




Яндекс.Метрика