Инфрақұрылымның дамуы

ТҚЖБ аясында 2016 жылы 459 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

ТҚЖБ аясында 2016 жылы 459 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі, деді ҚР Президенті жанындағы ОҚК-де "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
Астана қаласы24 Ақпан , 13:19

« Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында жалпы ауданы 459 000 шаршы метр баспананы салымшыларына тапсырады.    Тұтас алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен шамамен 21 000 пәтер пайдалануға беріледі», - деді А.Жұмағұлов.

Айта кетейік, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. Холдинг экономиканы дамыту және әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен құрылған.   

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика