Білім беру

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар «ҚР-да дуалды білім беруді енгізу» жобасының атқарушы жетекшісі Райнер Гёртцпен кездесу өткізді

Кездесу барысында Шығыс Қазақстанда дуалды білім беруді дамыту, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті түлектерін дайындау мәселелері талқыланды.
Шығыс Қазақстан 24 Ақпан, 20:43

«ҚР-да дуалды білім беруді енгізу» GIZ аймақтық бағдарламасының атқарушы жетекшісі Райнер Гёртцтің айтуынша, Шығыс Қазақстанда дуалды білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар Гёртц мырза Өскемен қаласында аталмыш бағыттағы тәжірибемен бөлісу жөнінде ортақ семинар өткізуді ұсынды. 

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өз кезегінде облыс әкімдігі аталмыш шараны жоғары деңгейде өткізуге дайын екендігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан Назарбаев-Меркель бастамасымен қолға алынған халықаралық жоба шеңберінде аймақтың экономикалық талаптарын ескере отырып білім берудің неміс стандартына бейімдеу, кәсіби-техникалық дәрежедегі мамандарды даярлау мақсатында бағдарламалардың дайындайтын пилоттық аймақ болып табылады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ШҚО-да 15 кәсіпорын дуалды білім берудің серіктесі болып отыр.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика