Өңірлер

А.Жұмағұлов: ТҚЖБ баспанасының әр шаршы метрі 200 000 теңгеден аспайды

ТҚЖБ баспанасының әр шаршы метрі 200 000 теңгеден аспайды, деді ҚР Президенті жанындағы ОҚК-де "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
Астана қаласы24 Ақпан , 13:06

«Болашақ баспананы жобалау кезеңінде Банк пен оның клиенттерінің ұсыныстары ескерілетін болады. Әр шаршы метрдің  құны мемлекеттік сараптама өткеннен кейін нақтыланады, алайда «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша әр шаршы метр үшін өңірлердегі баға 180 000 теңгеден аспайды, Алматы мен Астана қалаларында 200 000 теңге болады. Ал, жергілікті атқарушы органдар желісімен бекітілген бір шаршы метрдің  бағасы – өңірлерде 140 000  теңге болса,  Астана мен Алматы қалаларында 180 000  теңгені құрамақ», - деді ол.

Сонымен қатар, биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында жалпы ауданы 459 000 шаршы метр баспананы салымшыларына тапсырады. Тұтас алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен шамамен 21 000 пәтер пайдалануға беріледі.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика