Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 2015 жылы Ақмола облысында 44,5 млрд теңгенің 11 жобасы енгізілген

2015 жылы Ақмола облысында 44,5 млрд теңгенің 11 жобасы енгізілген. Бұл туралы бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің «Ақмола облысының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер» атты тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтты.
Ақмола24 Ақпан , 16:04

ИИДМБ аясында Ақмола облысында 44,5 млрд теңгенің 11 жобасы енгізілген. Атап айтқанда бұлар: «Сапа су» ЖШС темірбетон өнімдерін өндіру бойынша зауыт және Целиноград ауданындағы қуаттылығы 20 мың тонна болатын бройлерлік құс фабрикасы, «Бижан» ЖШС ет өңдеу комбинаты, Көкшетау қаласындағы бидай және майлы дақылдарды сақтау және қайта өңдеумен айналысатын «Ақмола Бидай» ЖШС,   Ерейментау ауданындағы ірі кірпіш зауыты және жел электр станциясы және «ҚазгерҚұс» ЖШС-да қуаттылығы жылына 140 млн дана жұмыртқа болатын жаңа құс фабрикалары.

«Ағымдағы жылы біз 1564 тұрақты жұмыс орындарын құрумен, 73 млрд теңгенің 14 жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 120 млн дана кірпіш болатын құны 900 млн теңгенің «Аршалы кірпіш зауыты» ЖШС». Сондай-ақ Шортанды ауданында құны 775 млн теңге тұратын жылына 14,4 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар «Центрпласт НС» ЖШС алюминий өндіру бойынша зауыты салынады. Қуаттылығы жылына 2 млн. тонна өнімді құрайтын «Көкше-Цемент ПО» ЖШС 650 адамды жұмыспен қамтиды. Одан басқа Бұланды ауданында қуаттылығы жылына 50 мың текше метр газобетонды блок өнімі болатын зауыт пайдалануға берілетін болады. Ал Бурабай ауданында қуаттылығы 1,5 мың тонна өнімді құрайтын ет өңдеу бойынша кешен ашылады», - деп атап өтті С.Кулагин.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика