Өңірлер

Ақмола облысында 2015 жылы 282 мың шаршы метр тұрғын салынды

Ақмола облысында 2015 жылы 282 мың шаршы метр тұрғын салынды, деді облыс әкімі Сергей Кулагин халық алдында берген есебінде.
Ақмола24 Ақпан , 19:03

«Облыстағы жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы құрылыс жұмыстарының көлемін 106,1%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берген. 282 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 2406 отбасы өздерінің тұрғын үйлік жағдайларын жақсартқан. Облыс экономикасына 199,3 млрд. теңге инвестиция құйылған, оның 14,2 млрд. теңгесі сырттан құйылған қаражат», - деді ол. 

Сондай-ақ, Сергей Кулагин кездесу барысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына, инфляциялық процесстерді тежеу сияқты мәселелерге де кеңінен тоқталып өтті.

Оған қоса тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, спорт, мәдениет, денсаулық салаларын дамыту, қоғамдық тәртіп пен сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелеріне де тиісті көңіл бөлінді. 

Келе жатқан қауіпті көктемгі су тасқыны кезеңінің өзекті мәселелері де облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. 

Кездесудің қорытынды бөлігі залда жиналғандардың сұрақтарына жауап беру рәсіміне арналды. Сұрақтардың дені алуан- түрлі тақырыптарды қамтыды.

 

 




Яндекс.Метрика