Инвестициялар

С.Елшімбекова: «Даму» қоры «Made in Kazakhstan» өнімдерін дамытуға мүмкіндік береді

«Даму» қоры «Made in Kazakhstan» брендімен жасалған сапалы өнімдерді дамытуға мүмкіндік береді, деп Қазақстанның іске әйелдер Қауымдастығының мүшесі, «Казақконсалсинг тәуелсіз аудиториялық компания» ЖШС-ның атқарушы директоры Салтанат Елшібекова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы24 Ақпан , 14:32

«Өз  басым «Даму» қорының жұмыс істеп жатқандығына көзім жетті. Аз уақыт бұрын банктер мен олардың бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарын зерттедім, сонынмен қатар «Даму» қорының мүмкіндіктерін де. Стартапты іске асыру үшін қаражат қажет болды. Бүгінгі күні ұлттық валютадан несие алу қиын болып барады, ал көбісі шетелдің банктерінен несие алуды ұсынады, алайда бұл тиімсіз. Әлемдік дағдарысқа орай бизнесті жасау қиынға түседі, дегенмен оған жұмыс істеу керек»,-деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, біз Дүниежүзілік сауда ұйымына аяқ басқалы тұрмыз, сол себепті «қазақстандық бизнес үшін үлкен қатерлер болуы мүмкін, осыған орай бәсекелесуге қабілетті болуымыз тиіспіз».

«Адамдар біздің өнімдерімізді алу үшін, шетелдік өнімнің бағасы мен сапасынан кем болмауы тиіс. Тұтынушылар қазақстандық өнімді алулары керек»,-деді С.Елшімбекова.

Кәсіпкер ағымдағы экономикалық жағдайға тиісті қызметтерді дамытуға мүмкіндік беретіндігін де айтып өтті.

«Менің көпжылғы тәжірибем әйел адамдарға қызмет көрсету жағын дамытуда еңбектену керек деп айтады. Менің ойымша,  кәсіпкерлік таланты бар адамдар бар. Қазіргі таңда Қазақстанға көптеген шетелдіктер келеді, оалрға да қызмет көрсету керек. Даму» қоры «Made in Kazakhstan» өнімдерін дамытуға мүмкіндік береді»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, «Даму» кәсіпорындарды дамыту Қоры» АҚ ҚР Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысымен жасалды. «Даму» қоры Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдамен жұмыс тәжірибесі бар. Қордың қызметтерінің бірі шағын және орта бизнесті несиелендіру болып табылады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика