Инвестициялар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік қаржы есебінен 814 мың шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй салады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев несиелік баспанаға бөлген 149 млрд теңгеге 814 мың шаршы метр – 14 мың пәтер салынады, деді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:42

«Мемлекет басшысы тұрғын үй жинағы  жүйесінің тиімділігіне баға беріп, несиелік баспана үшін 149 млрд теңге бөлуді тапсырды. Оның 22 млрд теңгесі  салымшыларды несиелендіруге бағытталады. Ал 127 млрд теңгесі  құрылысқа бағытталды. Құрылыс екі бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі – жергілікті атқарушы органдар арқылы. Бұл «Қолжетімді баспана-2020» жүйесіне ұқсайды. Екіншісі – «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы құрылыс жүргізу», - деді А.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, бұл қаржыға 814 мың шаршы метр – 14 мың пәтер салу жоспарланып отыр.

«талап бойынша олар 1,5-2 жыл ішінде құрылысты аяқтаулары қажет. Соңында бұл мүлікті несие құнына сатып алуымыз керек», - деді ол.

А.Жұмағұлов атап өткендей,  алғашқы 10 жылда бұл қаржыға 4-4,5 млн  шаршы метр әлеуметтік баспана құрылады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика