Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысы дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында 120-дан астам жұмыс орнын сақтап қалады

2016 жылы Ақмола облысында дағдарысқа қарсы іс-шаралар жұмысы жалғасады және 4,5 мың меморандумға қол қойып, осы орайда 120-дан астам жұмыс орындарын сақтап қалу жоспарлануда. Бұл жөнінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аймақ тұрғындарының есептік кездесуінде айтып өтті.
Ақмола 24 Ақпан, 15:03

«Биыл облыс осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады, біз 4,5 мың меморандумдарға қол қойып 120 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтап қалатын боламыз. Өйткені халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы ең маңызды тапсырмалардың бірі» - деп атап өтті С.Кулагин өзінің «Ақмола облысының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер» атты тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі барысында.    

Бұл тұрғыда өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп жатқанын да ерекше айтып өткен жөн. Өңір басшысының айтуынша жалпы 2015 жылы Ақмола облысында жаңа нысандардың ашылуы есебінен 11 мың жаңа жұмыс орындары ашылған. Оның 3 мыңы жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылыпты.

«Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына барлық жағдай жасап, құжат дайындау рәсімдерін жеңілдетуде және несие беру құралдары мен бастауларын кеңейтуде.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көзі  12%-ға артып, іс-шараларды жүзеге асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінген. Тек соңғы екі жыл көлемінде ғана аталмыш бағдарлама бойынша облыстың 250 кәсіпкері қомақты қаржылай көмек алған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 2 млрд. теңгенің 790 шағын несиесі берілген.

Қосымша Ұлттық қор қаражатынан және «Байтерек» Холдингі желісі бойынша 3 млрд теңгеден астам қаражат өңдеу өнеркәсібінің басым жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген», - деді өңір басшысы.  

Кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетудің арқасында шағын және орта бизнес саласында жаңа 1 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу мүмкін болды.  

«Биылғы жылы бизнестің жол картасы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады. Ағымдағы жылдың 10 ақпанында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тарапынан тапсырылған, дағдарысқа қарсы қосымша іс-шаралар аясында іскерлік белсенділікке жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Бүгінде облыстың өңірлік жалпы өнімінің көлеміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 22 пайыздан сәл асатын көрсеткішті құрайды. Біздің ортақ міндетіміз – осы көрсеткішті арттыру бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру» - деді С.Кулагин.

 





Яндекс.Метрика