Мәдениетті жаңғырту

Г.Әбдіқалықова Ж.Жабаев поэзиясының қазақ халқының өмірімен тығыз байланысын атап өтті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды және қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Ұлы дала жыршысы» атты халықаралық ғылыми симпозиумге қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы қаласы24 Ақпан , 12:27

Өзінің құттықтау сөзінде Г.Әбдіқалықова Ж.Жабаев поэзиясының қазақ халқының өмірімен және тарихымен өзара тығыз байланысып жатқанын, оның шығармаларындағы негізгі ой өрімдері Қазақстан Президенті ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеямен үндесетінін айтты.

Симпозиум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі филолог ғалымдар, сондай-ақ Ресей, Грузия, Қырғызстан елдерінің зерттеушілері қатысты.

Симпозиумға қатысушылардың назарына «Тарихтың мәңгілік тұлғасы», «Ерлік поэзиясы: Ресейден көзқарас», «Шота Руставели Жамбыл поэзиясында» және басқа да ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының аясында сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында болып, оның жұмысымен танысты.

Г.Әбдіқалықова сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

 

 




Яндекс.Метрика