EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай гибридті жанармаймен қозғалатын 350 жаңа қоғамдық көлік пен 600 автобус іске қосылады

ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай гибридті жанармаймен жүретін 350 жаңа қоғамдық көлік пен 600 автобус іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының жетекішісі Малика Бектурова Көрменің халықаралық қатысушыларының жиынында айтты.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:09

«Осы жылдың үшінші тоқсанының соңында жаңа жолдардың құрылысын аяқтаймыз, ол ЭКСПО орнына апаратын жол. Біз жылу және энергетикалық энергостанциялардың  құрылысын аяқтаймыз. Біз қазіргі әуежайымызды кеңейтетін боламыз. Оның сыйымдылығы 1775 жолаушыға жеткізгелі отырмыз», - деді ол.

М.Бектұрова айтып өткендей, жаңа темір жол терминалы пайда болады.

«350 қоғамдық көлік іске қосылады. Қосымша гибридтік жанармаймен жүретін 600 автобус  енеді, қатысушылар қоғамдық көлікті өз игіліктеріне қолдануға жағдай жасалады. Қуанышқа орай, ЭКСПО-2017 Астанада күн райы қолайлы болғанда  өтеді, орташа температура 25 градусты құрамақ. Бұл қатысушылар мен туристер үшін тартымды іс болады. Сондықтан  5 млн келушілер мен 2,5 қатысушы болады деп үміттенеміз. Оның ішінде 85 пайыз облыстық және аудандық  аймақтардан келген жергілікті туристер болады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика