Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан Египетпен арадағы әуе байланысын қалпына келтіреді - ИДМ

2016 жылдың наурызынан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Алматы – Шарм-эль-Шейх – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Ақпан , 18:29

«Fly Egypt» әуекомпаниясы да биыл наурыз айынан бастап аптасына екі рет Қазақстанға тұрақты әуе рейсін жүзеге асыруды көздеп отыр. Әуекомпаниясы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін Азаматтық авиация комитеті 30 күннің ішінде рұқсат беретін болады.

Қазақстан мен Египет арасында тұрақты әуе байланысын ашу мәселесін шешу үшін ҚР ИДМ ААК Египеттің авиациялық қауіпсіздік, қазақстандық туристік қауымдастық қызметкерлерімен бірге инспекциялық тексеру жүргізді. Шарм-эль-Шейх қаласының (Египет) халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік жүйесін шолу қорытындысы бойынша оң тұжырым берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 31 қазанда Египетте ресейлік ұшақтың апатынан кейін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Египет әуекомпанияларының Қазақстанға және қазақстандық әуекомпанияларының Египетке ұшуын уақытша тоқтату туралы ұсыныс берген болатын.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика