EXPO-2017

Қ.Келімбетов: ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін 225 тыс м2. аумақ Халықаралық «Астана» қаржы орталығына өтеді

ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін 225 тыс м2. аумақ Халықаралық «Астана» қаржы орталығына өтеді, деді аталмыш қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Халықаралық қатысушылардың екінші жиналысында.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:04

«ЭКСПО көрмесінен кейін бірқатар нысандар Халықаралық «Астана» қаржы орталығының барлық органдарын орналастыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында инфроқұрылымдық ұйымдар, халықаралық қаржы институттары мен Халықаралық «Астана» қаржы орталығына қатысушылар бар. 25 гектар жерге ЭКСПО-ң 20 нысаны орналасуға тиіс. Соның 225 мың шаршы метрі Халықаралық «Астана» қаржы орталығына тиесілі болады. Бұған 14 халықаралық павильон, корпоративті павильон, көрмені ұйымдастырушылардың кеңсесі, конгресс кеңсесі, конгресс орталығы, «Ұлттық күн» павильоны», «Энергия» холы кіреді, деп хабарлады Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстан көрмені өткізуде шетелдіктер үшін ашық болады.

«Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қызметімен Қазақстан аумағына келетін азаматтар үшін 5 жылдық арнайы визалық режім іске қосылатын болады. Бұл орган қызметкерлері мен Орталықтың қатысушыларына және олардың отбасына ғана қатысты. Сонымен қатар, шетелдік мамандарды тарту үшін ОЭСР, ОАЭ, Малайзия, Сингапур және Монако елдерінің азаматтарына визасыз Қазақстанда 30 күн болу құқығы беріледі»,- деді ол.
Сонымен қоса, көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Астана мен әлемдік жетекші қаржы орталықтары арасына ыңғайлы және үнемі жұмыс істеп тұратын әуе хабарлама орнату жоспарлануда.  

 «Халықаралық «Астана» қаржы орталығы мен Халықаралық арбитражды орталықта қаржы соты жұмыс істейтін болады. Бұл құқықтық жүйені жүзеге асыру Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басты ерекшелігі болмақ. Аталмыш жүйе шетелдік инвесторлардың Қазақстанға сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушылары ретінде халықаралық және отандық компаниялар, брокерлік-диллерлік қызмет көрсетушілер, андеррайтингтік қызмет, инвестициялық компаниялар, ислам банкі, сақтандырушы компаниялар және тағы басқалар шақырылатын болады. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушыларына қызмет көрсету үшін заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік және консалтингтік компаниялар тартылады»,-деді Қ.Келімбетов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика