EXPO-2017

АХҚО ЭКСПО көрмесінен кейінгі инфрақұрылымды пайдалануда «басты» жоба болмақ – Келімбетов

ЭКСПО көрмесінен кейінгі бірегей инфрақұрылымда «басты» жоба Халықаралық «Астана» қаржы орталығының базасында құрылады, деп Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов халықаралық қатысушылардың екінші жиналысының көрмесінде айтып өтті.
Астана қаласы24 Ақпан , 11:38

ЭКСПО  көрмесінен кейін бірегей инфрақұрылымда «басты» жоба Халықаралық «Астана» қаржы орталығының базасында құрылады, деп Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов халықаралық қатысушылардың екінші жиналысының көрмесінде  айтып өтті.

 «Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы шешімін қуана қабылдады»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, ауқымды көрме үшін ЭКСПО көрмесінен кейінгі нысандарды қолдану мәселелері маңызды болып табылады.

«Халықаралық тәжірибені есепке алғанда, барлық ЭСКПО нысандарының құрылысы жүктемелі және көрмеден кейінгі кезеңді тиімді пайдалану үшін жұмылдырылу керек. Бұл ультра заманауи қала ауданын салуды көздейді және олар ғылыми, техникалық және мәдени нысандарды біріктіреді. Алайда, ЭКСПО  көрмесінен кейін бірегей инфрақұрылымда «басты» жоба Халықаралық «Астана» қаржы орталығының базасында құрылады, деп Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов халықаралық қатысушылардың екінші жиналысының көрмесінде  айтып өтті.

 Осыған орай, Қазақстан Президенті қаржы орталығының жұмыс істеуі үшін ЭКСПО нысандарын беруге шешім қабылдады»,-деді К.Келімбетов.

К.Келімбетов сөз барысында әлемнің жетекші қаржы орталықтарының табысты тәжірибесін негізге ала отырып, яғни олар Лондон, Гонконг, Дубай, Сингапур, АХҚО-да құрылған шетелдік инвесторларды белсенді түрде тарту үшін оларға пайызсыз қызметті қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. Осылайша, Елбасының тапсырмасына орай 50 жыл шамасына дейін салықтық жеңілдіктер берілетін болады, органдарға, АХҚО қатысушалыр мен жұмыскерлеріне қысқартылған валюталық, визалық және еңбек тәртібі жұмыс істейтін болады.

Естерінізге сала кетейік, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының екінші отырысы өтуде.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика