Адамзаттық капитал

«Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерін тексерді

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының кешенді комиссиясы ӘҚК бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдеріне жоспарлы жұмыс тексерісімен барды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 24 Ақпан, 19:34

Әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтың барысы, жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, тәртіп пен моральдық-психологиялық жай-күйі мәселелерінде тексерілді. 

ӘҚК бас қолбасшысы Талдықорған авиациялық базасында ұшулардың іске асырылуына жеке қатысып, ұшу құрамының дайындығына баға берді. Ұшулар орағытудың күрделі түрлерінен жерүсті нысаналарды шабуылдаумен жұп болып күрделі метеорологиялық жағдайларда орындалды. Ұшу құрамын тексеру кездейсоқ болған жоқ және «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілді.

Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшуларда жұп болып әрекет еткен Су-30СМ ұшақтарында майор Аслан Құлбасов, Әбілмәжит Жанахметов, Владимир Ткач, Руслан Смағұлов құрамындағы экипаждар үздік болды. Жетіген гарнизонындағы жұмыс сапары аясында ӘҚК бас қолбасшысы 78639 әскери бөлімінің қайта орналасу барысын тексерді.  Жұмыс барысында жаңа оқу корпусының ғимараты, оқу-материалдық базаның нысандары, жеке құрамның орналасу орындары, жатақхана, әскери қалашық, автомобильді парк және асхана тексерілді.


 





Яндекс.Метрика