Инфрақұрылымның дамуы

Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша екі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

2015 жылы 1 млн. 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда екі есеге жуық артық - 46%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14%, 471,6 млрд. теңгеге дейін өсті,деді қала әкімі Әділбек Жақсыбеков халық алдындағы есебінде.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:34

«Тұрғын үймен қамту мәселесі кез келген адам үшін басты мәселелердің бірі болып табылады», деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы қалада баспана бірнеше бағыт бойынша өткізілетінін атап өтті: «Қазақстандық ипотекалық компания», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы, «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша және т.б.

2015 жылы 15,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, соның ішінде 4200-і «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жоба қолға алынғалы апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан адамдарды көшіру үшін ақысыз негізде 1762 пәтер берілді. Жалпы өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында азаматтарға 3200 астам пәтер үлестірілді, соның ішінде 672 пәтер жас отбасыларға берілді.

Әкімдік қосымша қаржы тарту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті пайдалана отырып, жұмыс істеуде, соның аясында биыл 4 балабақша, 4 амбулатория және 4 паркинг салу жобаларын жүзеге асыру көзделген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика