Адамзаттық капитал

2016 жылы 3-6 жас аралығындағы балалардың 95%-ын мектепке дейінгі біліммен қамту жоспарлануда

2016 жылы Астанада 3-6 жас аралығындағы балалардың 95% мектепке дейінгі біліммен қамтылады. Бұл туралы сәрсенбі күні, 24 ақпанда Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің кезекті халықпен есеп беру кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Ақпан , 12:51

Білім басқармасына тиісті міндет қойылды. Бірақ мәселені кешенді түрде шешу керек. Жыл сайын балабақшалар пайдалануға беріледі, оның үстіне қалада туу мен көші-қон деңгейлері жоғары. Күн сайын 60 сәби дүниеге келеді, 90-100 бала кезекке тұрады. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі жеке меншікті бизнестің мектепке дейінгі мекемелер құрылысына қатысуы болып табылады. Әкімдік осы мақсатта дайын жобалар мен жер учаскелерін беруге әзір.

2015 жылы елорданың мектепке дейінгі ұйымдарында орындар тапшылығын жою үшін 10 балабақша тапсырылды, соның ішінде МЖС есебінен екі балабақша ашылды. Бүгінде Астанада 188 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларға 34 мыңнан астам бала барады. Өткен аптада елордада кезек бойынша балабақшаларға топтау басталды. Биыл елордада алғаш рет 8 мыңға жуық орын берілмек.

Жыл сайын елордада жалпы білім беру мектептерінің саны артады. 2014 жылы 88 мектеп болса, 2015 жылы олардың саны 94 жетті. Астана жаңа мектептерді пайдалануға берудің есебінен өткен жылы үш ауысымдық оқуды түбегейлі жойды. Оқушылар саны 117 мыңнан астам адамды құрайды.

Қалалық әкімдік қызметінде мемлекет тарапынан азаматтарға қамқорлық көрсетуге және барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтауға басымдық беріледі. 2015 жылы Астанада 100 астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды, соның ішінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар және т.б. Осы мақсатта 4,3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қаланың көп бейінді клиникаларында скринингтік тексерулердің 11 түрі сәтті жүргізілуде, былтыр 350 астам адам тексерілді.

Бүгінде елордада 870 мыңнан астам адам тұрып жатыр, жыл сайын қала халқының саны 20 мыңға жуық артады. Бұған қоса, емдеу мекемелеріне түсетін салмақ та көбейеді. Қалалық денсаулық сақтау саласындағы қазіргі мәселелерді шешу үшін іс-шаралар кешені қабылданды. Өткен жылы бес ірі денсаулық сақтау нысаны салынды.

Өткен жылдың соңында Жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, жақын арада бұл өз нәтижесін көрсетпек. Қала әкімдігі бір айдан кейін жедел жәрдем бригадасының келу уақытын 10 минутқа дейін қысқарту міндетін алға қойды.

Материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту, елордалық денсаулық сақтау жүйесінің мамандарының біліктілігін арттыру әкімдіктің басым міндеттері болып табылады, деп айтылды халықпен есеп беру кездесуі барысында.


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика